Мүмкіндіктер

Альфа-Банк ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де операцияларды жүргізеді, оларға жататындар:

  • теңгемен және шетел валютасымен қолма-қол ақша беру*
  • теңгемен және шетел валютасымен қолма-қол ақша алу*
  • инкассация қызметтері
  • металл (ұсақ) тиындарды қоса, қолма-қол ақшаны жеткізу
  • сіздің қызметкеріңізді құндылықтарымен алып жүру
  • ірі құнды ұлттық/шетел валютасындағы банкноталар мен монеталарды ұсаққа айырбастау, және керісінше, Банктің техникалық қаражаттарының көмегімен шетел валютасының түпнұсқалығын тексеру бойынша
  • ескірген және зақымдалған шетел валютасы банкноталарын айырбастау
  • валютаның түпнұсқалығын анықтауда детекторды қолдану арқылы банкноталарды тексеру
*Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес

Қолма-қол ақшаны кассадан қалай алу керек

Кассадан қолма-қол ақшаны сіздің филиалыңыздың кез-келген "Альфа-Банк" ЕБ АҚ бөлімшесінен алуға болады

Бұл орайда сізге қолма-қол ақшаны алудың мақсатын көрсетіп, оларды алуға алдын-ала өтінімді рәсімдеу қажет:

  • егер сома 2 млн KZT асса, алдыңғы жұмыс күнінің 16:30 дейін
  • егер сома 2 млн KZT төмен болса, алдын-ала өтінімді ресімдеу міндетті емес

2 млн KZT асатын сомадағы қолма-қол ақшаны алдын-ала өтінімсіз беру (жүгінген күні) Банктің келісімі бойынша орындалады. Бұл орайда комиссия аса жоғары тариф бойынша алынады. Қолма-қол ақшаны алуға өтінімді интернет-банк арқылы жіберуге болады. Кассадан қолма-қол ақша алу үшін ақша түбіртегін толтыру талап етіледі.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Түбіртек ресімдеу күнін есептемей, 10 күнтізбелік күнге жарамды. Түзетулері және жөндеулері бар түбіртек қабылданбайды!

Шетел валютасымен қолма-қол ақша тек шетел валютасы бар шоттан ғана беріледі. Валютаны алу үшін қолма-қол шетел валютасын беру туралы Өтініш беру қажет.