Төлем тапсырыстарын қабылдау 09:00 бастап 12:30 дейін

«Стандарт»
  • Интернет-Банк жүйесі бойынша
  • 0,1 % min 200 KZT, max 450 KZT
  • Қағаз үлгісінде
  • 0,25 % min 800 KZT, max 1 500 KZT

Төлемді қалай жүргізуге және болдырмауға болады

Төлем жүргізу үшін төлем тапсырысын құру қажет
Біз сізге төлемдерді интернет-банк арқылы ресімдеуі ұсынамыз:

  • интернет-банкке кіріңіз
  • «Новый платеж» сілтемесіне басып, төлем тапсырысын жасаңыз
  • барлық міндетті жолдарды толтырыңыз да, ЭСҚ көмегімен төлем тапсырысына қол қойыңыз

Сондай-ақ бас директор (жеке кәсіпкер) және банктік карточкада көрсетілген тұлғалар банктің бөлімшесінде қағаз түрінде төлем тапсырмасын бере алады. Бірақ төлемнің қағаздағы бағасы электронды төлемнен жоғары болады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Егер есеп-айырысу шотында қаражаттар жеткіліксіз болса, төлем тапсырмалары нұсқаулардың кезегіне қойылады.

Төлемді болдырмау үшін ресми өтінім беру қажет. Интернет-банк арқылы жіберілген төлемдерді, қол қою құқы бар, уәкілетті тұлғалар болдырмайды.

Интернет-банкте төлемді кері қайтару үшін :

  • төлемді таңдаңыз
  • «отменить» тетігін басыңыз
  • төлемді кері қайтару себебін көрсетіңіз
  • ЭСҚ кері қайтару өтінішіне қол қойыңыз

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Төлемді оны банк орындағанға дейін қатаң түрде болдырмауға болады. Сізге алдын-ала банкке қоңырау шалып, төлемді орындау мәртебесін және оны болдырмау мүмкіндігін анықтауды ұсынамыз

Білу қажет

  • Теңгемен төлемді сәтті орындау үшін төлем тапсырмасының деректемелерін дұрыс толтыру маңызды.
  • Алушының есеп-айырысу шотын, ЖСН/БСН және атауын міндетті түрде көрсетіңіз. Оларды сіз қаражаттар алушыдан тікелей біле аласыз. Алушының деректемелерін бұрыс көрсету қаражаттарды есептеуді кідіртуге алып келуі, не төлем жойылуы немесе алушының банкі қайтаруы мүмкін.
  • Төлемді тағайындауда операцияның маңызын міндетті түрде көрсетіңіз (не үшін төлем жасалғандығын), төленетін қызметтің/тауардың атауын, шарттың/тауарлы құжаттың нөмірін және күнін, және басқа қажетті ақпаратты көрсетіңіз. Сондай-ақ ҚҚС болуы туралы ақпаратты міндетті түрде көрсетіңіз.
  • Бюджеттік төлемдерде деректемелерді дұрыс толтырыңыз – мұнда сізге «Бюджеттік төлемді толтыру ережелері» көмектеседі.