Сауданы қаржыландыру үлгілері:

Импортты қаржыландыру: аккредитивтерді растау, пост-қаржыландыру және мерзімі кейінге қалдырылған төлемді дисконттау. Төлемдерді орындау Кепілдігін және аванстық төлемді растау. Қаржыландыру мерзімі 2 жылға дейін. Жабдықтарды, станоктарды және машиналарды сатып алуды орташа және ұзақ мерзімді қаржыландыру. Қаржыландыру мерзімі 7 жылға дейін.

Экспортты қаржыландыру: Банк қазақстандың компаниялардың пайдасына шетел банктері шығарған аккредитивтерді және кепілдіктерді растайды, қазақстандық компанияның шетелдік серіктесіне пост-қаржыландыруды ұсынады. Қазақстан Республикасының Инвистициялар және Экспорттық Несиелерді Сақтандыру жөніндегі Мемлекеттік Корпорациясымен ынтымақтастық жасаудың арқасында, Альфа-Банк әлемнің кез-келген елінен банк-эмитенттердің аккредитивтерімен және кепілдіктерімен жұмыс істеуге қабілетті. Қаржыландыру мерзімі 1 жылға дейін.

Мүмкіндіктер

Инкассалық операциялар (құжаттық инкассо):

  • акцепт немесе төлемге қарсы құжаттарды беру
  • акцепт немесе төлемсіз құжаттарды беру
  • инкассоға құжаттарды қабылдау, тексеру және қайта жіберу
  • инкассоға нұсқауларды өзгерту

Клиенттердің мәмілелерін қаржыландыру

  • Аккредитивті немесе берілген кепілдіктерді ашу
  • Экспорт алдындағы қаржыландыру
  • Клиент-экспортерларды несиелеу
  • Постэкспорттық қаржыландыру
  • Кепілдендірілген операциялар және қордағы аккредитивтерді шығару