Сіздің телефоныңыз
Компанияның атауы
Рахмет! Біз өтінімді қабылдап алдық, біз сізге тез арада хабарласамыз.

«Стандарт» пакеті бойынша тарифтер

Барлық банктік шоттарды жүргізу сомасы
2 800 KZT
ПУ қосу
0 KZT
Шот ашу
5 000 KZT
Қолма-қол ақшаны қабылдау
0,2 %
KZT қолма-қол ақшаны беру
от 0,3 %
KZT аударымдар (банкаралық)
0,1 %
OUR аударымдар (барлық шығындарды жіберушінің төлеуі):
USD
0,3 %
EUR
0,3 %
RUB
0,17 %
BEN аударымдар (барлық шығындарды алушының төлеуі):
USD
0,2 %
EUR
0,2 %
*Ең төменгі және ең жоғарғы комиссиялар қызметтер пакеті бойынша тарифтер жинағында көрсетілген

Толассыз қызмет көрсету –
банктің кез-келген кеңсесінде шот бойынша операциялар.

Қызметтің бұл түрі шоттың қайда ашылғандығына қарамастан, бүкіл Қазақстан бойынша Банктің кез-келген бөлімшесінде Сізге қызмет алу құқын береді. Сіз банктің филиалдарының арасындағы операцияларды келісуге уақытты жоғалтпай, кез-келген қызметті ала аласыз.

Ағымдағы шотты 10 минутта броньдау

Шотты броньдауға өтінім толтырыңыз да, құжаттарды көрсетпей және банкке келмей-ақ деректемелерді алыңыз.

Электронды пошта арқылы броньдалған шоттың нөмірін және шот ашу үшін банкке ұсынуға қажетті құжаттардың тізіміне сілтемені аласыз.

Шотты белсендіру үшін Сізге 14 күннің ішінде өтінімді толтыру кезінде таңдаған, банк бөлімшесіне құжаттардың толық пакетімен келу қажет. Назар аударыңыз: резервтелген шотты оны белсендірген кезге дейін есеп-айырысуда пайдалануға болмайды (төлемдерді жіберу және қабылдау).

Шотты онлайн-броньдау қызметі Альфа-Банкте бұрын ағымдағы шоты болмаған клиенттерге ғана көрсетіледі.

Шотты онлайн-броньдау қаржылық, коммерциялық емес немесе мемлекеттік ұйымдар үшін орындалмайды.

Кассалық операциялар

Кассалық операциялар

  • Теңгемен және шетел валютасымен қолма-қол ақшаны беру және қабылдау (Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес)
  • Инкассация қызметтері
  • Металл (ұсақ) тиын ақшаны қоса, қолма-қол ақшаны жеткізу
  • Сіздің қызметкеріңізді құндылықтарымен алып жүру

Конверсиялық операциялар

Конверсиялық операциялар

  • Шетел валютасыг сату және сатып алу
  • Бір шетел валютасын басқа шетел валютасына сатып алу

Валюталық бақылау

Валюталық бақылау

Экспортты-импортты операциялар бойынша есеп-айырысқан кезде, «Альфа-Банк» ЕБ АҚ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сүйене отырып, валюталық бақылау агентінің қызметтерін орындайды.

Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негіздалады және келесілермен реттеледі:

  • Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 13.06.2005ж. №57-III Заңымен;

Қазақстан Республикасының басқа нормативті құқықты актілерімен, олардың негізгілері болып:

  • ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.04.2012ж. №154 Қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды орындау ережелері;
  • ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2012ж. №42 Қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасында экспортты-импортты валюталық бақылауды орындау және резиденттердің экспорт пен импорт бойынша келісімшарттардың есептеу нөмірлерін алу ережелері

Жоғарыда көрсетілген заңнама актілерімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz сайтынан, «Валюталық реттеу» бөлімінен танысуға болады.

Валюталық заңнаманы сақтау жөніндегі кеңесті келесі телефондар бойынша алуға болады:

2051
ұялы телефоннан қоңыраулар үшін (тегін)
+7 (727) 244 75 75
+7 (727) 292 17 71
халықаралық қоңырау үшін
+ 7 (7172) 91 64 40 + 7 (7172) 91 64 41
к. Астана
8 8000 8000 75
CallCenter (тегін)

IVR мәзірінде тармақты таңдау қажет:
«Валюталық заңнаманы орындау жөніндегі ақпаратты алу бойынша»

Валюталық бақылау бойында құжаттардың үлгілері:

Жеке банктік сейф

Жеке банктік сейф

Альфа-Банк әр түрлі көлемдегі жеке банктік сейфтерді жалға алу қызметтерін ұсынады.

«SWIFT» арнасы бойынша МТ940 форматында хабарламаларды жіберу

«SWIFT» арнасы бойынша МТ940 форматында хабарламаларды жіберу

«SWIFT» арнасы бойынша МТ940 форматында хабарламаларды жіберу» қызметі заңды тұлғаларға – біріккен кәсіпорындарға, шетел кәсіпорындарының өкілдеріне, компаниялар тобына арналған, Компанияның қаржылық іс-әрекеті туралы ақпаратты құрылтайшыға – шетел мемлекетінің территориясында орналасқан бас компанияға беруге арналған.

MT940 Хабарламасы – SWIFT форматында Клиенттің ағымдағы шоты бойынша электронды көшірме, клиенттің ағымдағы шотының жағдайы туралы және ол бойынша ақша қозғалысы туралы ақпаратты қамтиды, және шетел мемлекетінің территориясындағы банкте қызмет көрсетілетін Клиенттің Бас компаниясының мекенжайына жіберу үшін пайдаланылады. MT940 Хабарламасы SWIFT арналары бойынша қызмет көрсету өтінішінде Клиент көрсеткен, Алушының Банкіне жіберіледі.

Қызмет Клиенттің қызмет көрсетуге берілген өтінішінде көрсетілген барлық ағымдағы шоттар бойынша күн сайын/апта сайын/ай сайын SWIFT жүйесінің бекітілген қаыптарына сәйкес көрсетіледі.

Қызметті қосу үшін, не қызмет туралы егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін – Өзіңіздің кеңесшіңізге барыңыз не Банктің CallCenter байланысы арқылы: 8-8000-8000-75 (тегін).

Бизнестің тәуекелдіктерін қалай азайтуға болады?

Соңғы уақытта заңдастыру, жылыстату және оңтайландыру туралы жиі айтылуда, ал кәсіпкерлер банктердің сұраныстарына көп шағымдануда. Сіздің келеңсіз оқиғалардан аулақ болуыңыз үшін біз реттеуіштің талаптары және сіздің бизнесіңіздің мүмкін болатын тәуекелдіктері туралы айтқымыз келеді.

Альфа-Курьер қызметі

Альфа-Курьер қызметін пайдаланыңыз, кеңседен шықпай-ақ қажетті құжаттарды рәсімдеңіз

Біздің менеджеріміздің өзі Сіздің кеңсеңізге келеді
Қажетті құжаттар пакетін жинайды және Сізге шот ашады
Сізге қажеттісі - Альфа-Банкке қоңырау шалу немесе сайтта өтінім қалдыру