Артықшылықтар

  • Тауар үшін төлем тауарды тиеу мерзімін, сапасы мен санын сақтай отырып, тауарды дұрыс тиеуді растаушы құжаттарға қарсы ғана жүзеге асырылады.
  • Әрі қарай шетелдік банктердің қаржыландыруымен аккредитивті ашу мүмкіндігі, ол несие желісі бойынша мөлшерлемені төмендету мүмкіндігін береді.
  • Сатып алушыға тауарды нақты жеткізуді күтпей-ақ, банкке жүктелген құжаттардың аккредитивтерінің тиісті талаптарын ұсыну бойынша тиелген тауар үшін уақытында төлемді алу
  • Аккредитив бойынша берілген құжаттарды банктің мамандары тәуелсіз және мұқият тексереді
  • Төлемді кейінге қалдырумен аккредитивтер кезінде импортерге оны ішкі нарықта таратудан кейін тауар үшін төлеу мүмкіндігі беріледі
  • Сыртқы сауданың саяси, экономикалық және басқа тәуекелдіктерін азайту
  • Сатып алушының тауарды төлеу міндеттерінен басқа, аккредитивтердің тиісті талаптарына жүктелген құжаттарға қарсы банк-эмитенттің және/немесе растаушы банктің төлеу міндеті қосылады.
  • Аккредитив бойынша жабылымды жасауға бос ақша қаражаттары болмаған жағдайда, банк коммерциялық несиенің мөлшерлемесінен анағұрлым төмен мөлшерлеме бойынша несие беруі мүмкін.
  • Егер сіз сауда мәмілесі бойынша делдал болсаңыз, сіздің жеткізушіңіздің пайдасына аккредитивті аудару мүмкіндігі
  • Халықаралық сауда-өнеркәсіптік палатасының «Құжаттық аккредитивтерге арналған сәйкестендірілген қағидалар мен дәстүрге» аккредитивтерді бағындыру (UCP 600, ред. МТП 2007 ж.)

Мүмкіндіктер

Альфа-Банк теңгемен және шетел валютасында құжаттық аккредитивтер бойынша кез-келген операцияларды ұсынады:

  • аккредитивті келешек ашуды авизолау
  • аккредитив талаптарын авизолау
  • аккредитивті ашу
  • аккредитив бойынша төлемдер, тексеру, құжаттарды қабылдау, жіберу
  • аккредитив сомасының өсуі
  • аккредитив талаптарын өзгерту
  • аккредитив талаптарын өзгертуді авизолау
  • аккредитивтің күшін жою
  • негоциация, расталымды қосумен аккредитив талаптарын авизолау
  • аккредитивті тасымалдау