Қаржылық қолдау түрлері

  • Аймақтар мен жеке салаларға арналған мақсатты бағдарламалар аясында екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдетілген несие
  • Субсидиялау – бизнесті дамытуға банк берген несие бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету
  • Кепілдендіру – банктердің несиесі бойынша кепіл ретінде ішінара кепілдікті ұсыну
  • Гранттық қаржыландыру

Қаржылық емес қолдаудың түрлері

  • Тегін білім беру бағдарламалары мен жобалар: «ШОБ топ-менеджментін оқыту», «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау», «StartUpБолашақ», «Жаңа бизнесті ашуды қолдау» және т.б.
  • Бизнестің бейінді бағыттары бойынша тегін семинарлар мен шеберлік сағаттары
  • Бизнесті жүргізудің және ШОБ қолдаудың мембағдарламаларының маңызды бағыттары бойынша тегін консалтинг пен сервистік қолдау

Бизнесті дамытуға субсидияны қалай алуға болады?

Субсидия берудің жалпы талаптары:

  • Субсидиялау, оларды РКС шығарғанға дейін 12 айдан ерте емес мерзімде берілген жаңа несиелер бойынша ғана беріледі
  • Несиенің сомасы - 4,5 млрд KZT дейін
  • Субсидиялау мөлшері: - 7 % экономиканың артықшылығы бар секторындағы жобалар үшін - 10 % моноқалалардағы, шағын қалалардағы және ауылды елді мекендердегі салалық шектеулерсіз жобаларға арналған - 10 % өңдеудегі кәсіпорындардың артықшылығы бар саласындағы жобалар үшін
  • Несиені субсидиялау мерзімі – 6 жылға дейінгі мерзімін ұзарту мүмкіндігімен 3 жылға дейін

Несие қандай мақсаттарда қарастырылуы тиіс?

  • Жаңа инвестициялық жобаларды орындауға
  • Айналымдағы қаражаттарды толықтыруға, бірақ несие сомасынан 30 % аспайды
  • Негізгі қаражаттарды алуға және/немесе жаңашылдандыруға және/немесе өндірісті кеңейтуге

Субсидиялауды Сіз келесі бағдарламалар бойынша ала аласыз, онда Банк қатысады:

Толығырақ https://www.damu.kz/12137/

Кепіл жеткіліксіз болғанда несиені қалай алуға болады?

Кепілдіктер алудың жалпы талаптары:

Бизнестің өрісі

  • «ДКБ-2020» Бірыңғай бағдарламасының артық салалары немесе ГПИИР аясында өндіруші кәсіпорындардың артық салалары
  • Жаңа бастаушы кәсіпкерлерге арналған салалық шектеусіз
  • Ауылдық елді мекендердегі, моноқалалардағы және шағын қалалардағы кәсіпкерлерге арналған салалық шектеусіз

Қарыз алушыларға қаржылық талаптар

  • Басқа несиелер немесе лизинг шарттары бойынша ағымдағы берешектің болмауы
  • Салықтар, зейнетақы жарналары және бюджетке әлеуметтік есептеулер бойынша берешектің болмауы (10 МРП аспайтын берешекке рұқсат етіледі)
  • Алынатын кепілдік түрінің талаптарына сәйкес жобаға кәсіпкердің өзінің қатысуы

Кепілдік мерзімінен тыс қордың комиссиясы

  • 2 жылға дейін қоса – Кепілдік сомасынан 0,05 %
  • 2 жылдан аса - Кепілдік сомасынан 0,1 %

ДАМУ Қорының кепілдігін, Сіз Банк қатысатын, келесі бағдарламалар бойынша ала аласыз:

Толығырақ https://www.damu.kz/12138/

Жеңілдікті несиелік бағдарламалар

«Даму» Қорының байланыстары

Call Center:

+7 (727) 244-55-66 (77) көп арналы
1408 – ұялы телефоннан қоңырау үшін (тегін)
Факс: +7 (727) 278-07-76

Мекенжайы:

050004, Алматы қ., Гоголь көш., 111,
Наурызбай батыр көш.қиылысы

E-mail:

Толығырақ ақпарат: