Миссия

Өз клиенттеріне кешендік қызмет көрсету және жеке шешімдерді ұсынатын, дамыған аймақтық желісі бар жоғары технологиялық, әмбебап Банк.

Көрініс

Сіздер үшін сервисімізді қарапайым және қолайлырақ ету үшін біз жоғарғы технологиялық Банкті құрамыз.

«Альфа-Банк» ЕБ АҚ ресейлік «Альфа-Банк» АҚ еншілес банкі болып табылады және Ресейде, Украинада, Беларусияда және Нидерландыда ұсынылған ABH Holdings S.A. құрамына кіреді. Альфа-Банктің іскери беделі бар және Қазақстандағы бірінші ресей банкі болып, 1994 жылдан бастап жұмыс істейді.

2016 жылдың 8 сәуірінде FitchRatings халықаралық рейтинг агенттігі «Альфа-Банк» ЕБ АҚ эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингісін (ЭДР) берді, шетел валютасында «B+» деңгейінде берілді, болжамы «Тұрақты», шетел валютасында қысқа мерзімді ЭДР «B» деңгейінде берілді, ұлттық валютада ұзақ мерзімді ЭДР «B+» деңгейінде берілді, болжамы «Тұрақты». Сондай-ақ, «BBB (kaz)» деңгейінде ұзақ мерзімді ұлттық рейтинг берілді, болжамы «Тұрақты».

2016 жылдың 3 қарашасында S&P GlobalRatings халықаралық рейтинг агенттігі «Альфа-Банк» ЕБ АҚ ұзақ мерзімді несие рейтингісін «B+» бастап «кері» болжаммен «BB-» дейін «тұрақты болжаммен» көтерді.

2013 жылы Альфа-Банк GlobalBankingandFinanceReview беделді британ интернет-баспасымен «2013 жылғы Қазақстанның ең озық коммерциялық банкі» деп танылды және «№1 Жыл таңдауы» Бизнес Гран-При» номинациясында «Қазақстандағы жыл таңдауы» сыйлығын алды: «Жоғарғы ақпараттық қорғау Банкі – 2013».

Банктің бас кеңсесі Алматы қ. орналасқан, банктің филиалдық желілері Астана, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Петропавл, Орал, Өскемен, Семей, Көкшетау, Қостанай, Шымкент қалаларында. Екібастұзда банк бөлімшесі жұмыс істейді. Альфа-Банк әмбебап қаржы институты болып табылады және банктік қызметтердің барлық түрлерін көрсетеді, корпоративті клиенттерді және шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландырады, сондай-ақ жеке тұлғаларды несиелейді.

Бізге сенуге болады

23

жыл Қазақстанның нарығында

B+

Fitch Raitings
2016 ж.

B+

Standart & Poor’s
2016 ж.

«Альфа-Банк» ЕБ АҚ ресейлік «Альфа-Банк» АҚ еншілес банкі болып табылады және ABH Holdings S.A., Люксембург кіреді.