«Стандарт» пакеті бойынша тарифтер

Интернет-Банк жүйесі бойынша берілген, Клиенттің нұсқауы бойынша Банктің 9:00 бастап 16:30 дейін қабылдаған және орындаған, бенефициардың (BEN) есебінен басқа банк клиенттерінің пайдасына аударымдар:
  • USD
  • EUR
  • 0,2 % min 30 USD, max 200 USD
  • 0,2 % min 30 EUR, max 200 EUR
Интернет-Банк жүйесі бойынша берілген, Клиенттің нұсқауы бойынша Банктің 9:00 бастап 16:30 дейін қабылдаған және орындаған, ақша жіберушінің (OUR) есебінен басқа банк клиенттерінің пайдасына аударымдар:
  • USD
  • EUR
  • RUB
  • 0,3 % min 50 USD, max 270 USD
  • 0,3 % min 50 EUR, max 270 EUR
  • 0,17 % min 500 RUB, max 3 700 RUB
Guaranteed OUR (USD), барлық комиссияларды жіберуші (аударым бенефициар банкіне толық көлемде түседі) 09:00 бастап 17:30 дейін Банктің қабылдаған және орындаған, Интернет-Банк жүйесі бойынша төлейді:
  • USD
  • 0,3 % min 100 USD, max 350 USD
Басқа валюталар бойынша ақпаратты сіз Альфа-Банктің бөлімшелерінен анықтай аласыз.

Төлемді қалай жүргізуге және болдырмауға болады

Төлем жүргізу үшін төлем тапсырысын құру қажет
Біз сізге төлемдерді интернет-банк арқылы ресімдеуі ұсынамыз:

  • интернет-банкке кіріңіз
  • «Новый платеж» сілтемесіне басып, төлем тапсырысын жасаңыз
  • барлық міндетті жолдарды толтырыңыз да, ЭСҚ көмегімен төлем тапсырысына қол қойыңыз

Сондай-ақ бас директор (жеке кәсіпкер) және банктік карточкада көрсетілген тұлғалар банктің бөлімшесінде қағаз түрінде төлем тапсырмасын бере алады. Бірақ төлемнің қағаздағы бағасы электронды төлемнен жоғары болады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Егер есеп-айырысу шотында қаражаттар жеткіліксіз болса, төлем тапсырмалары нұсқаулардың кезегіне қойылады.

Төлемді болдырмау үшін ресми өтінім беру қажет. Интернет-банк арқылы жіберілген төлемдерді, қол қою құқы бар, уәкілетті тұлғалар болдырмайды.

Интернет-банкте төлемді кері қайтару үшін :

  • төлемді таңдаңыз
  • «отменить» тетігін басыңыз
  • төлемді кері қайтару себебін көрсетіңіз
  • ЭСҚ кері қайтару өтінішіне қол қойыңыз

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Төлемді оны банк орындағанға дейін қатаң түрде болдырмауға болады. Сізге алдын-ала банкке қоңырау шалып, төлемді орындау мәртебесін және оны болдырмау мүмкіндігін анықтауды ұсынамыз

Білу қажет

  • Аударымды сәтті орындау үшін шетел валютасымен аудару өтінішінде деректемелерді дұрыс толтыру маңызды.
  • Төлемді тағайындауда операцияның маңызын міндетті түрде көрсетіңіз (не үшін төлем жасалғандығын), төленетін қызметтің/тауардың атауын (келісімшарттың нөмірі мен күні жеткілікті болады).
  • Төлем тағайындауды ағылшын тілінде ғана көрсетуге болады (транслитерация — латынмен орыс мәтіні – ол да қабылданбайды).
  • Еуропалық одақтың төлемдерінде алушының толық мекенжайын, үй нөмірін, көшесін, қаланы және елін қоса отырып, міндетті түрде көрсетіңіз. Алушының мекенжайын толық емес немесе дұрыс емес көрсеткен кезде, төлемді Альфа-Банк орындауға қабылдайды, бірақ басқа банктер бөгеп қалуы немесе төлемді қайтаруы мүмкін.
«Альфа-Банк» ЕБ АҚ пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін cookie (сайтты пайдалану туралы деректері бар файлдар) қолданады.
Оларды өңдеу шарттары мен ұстанымдарымен мұнда танысуға болады.
Сіз өз браузеріңізді күйге келтіруде cookie сақтауға тыйым сала аласыз.