Қаржыландыру талаптары

  • ҚР заңнамасына сәйкес шағын және/немесе орта кәсіпкерлік субъектілері үшін
  • Айналымдағы қаражаттарды толықтыру, бұрын жіберілген, ағымдағы міндеттерді қайта қаржыландыру инвестициялық мақсаттарға (негізгі қаражаттарды алу және жаңаландыру, салу, күрделі жөндеу және негізгі құралдарды қайта құру) және айналымдағы қаражаттарды толықтыру
  • Қарыз валютасы KZT
  • Несиелеу мерзімі 36 айға дейін
  • Қол жетімді мерзімі 12 айға дейін
  • Қарыз беру үлгісі – бір реттік қарыз/жаңғырмалы/жаңғырмайтын несие желісі
  • Сыйақы мөлшерлемесі жылдық 19 % аспайды

Мақсатты шектеулер

Жобаларды және қарыз алушыларды қаржыландыруға тыйым салынады:

  • заңды тұлғалардың жарғы капиталдарына қатысу;
  • бұрын келтірілген шығындарды өтеу, жеке және (немесе) заңды тұлғалардан, оның ішінде қатысушылардан, акционерлерден, құзыретті тұлғалардан және қарыз алушының жұмысшыларынан қаржы көмегін алумен байланысты туындаған берешектерді өтеу;
  • аффилирленген тұлғалардан негізгі қаражаттарды, активтерді, жұмыстар мен қызметтерді алу;
  • өндірістік циклге тура қатыспайтын, оның ішінде жеңіл автокөліктерге, өз өнімдерін, шикізатты және өндірістік үрдіске қажетті материалдарды, сондай-ақ қарыз алушының өз өнімдерін ғана таратуға арналған сауда орындарының бейінді емес активтерін алу/салу;
  • одан кейін жалға беру үшін жылжымайтын мүлікті және/немесе басқа активтерді алу/салу;
  • жалған немесе бүркеме мәмілелерді төлеуге;
  • оффшорлы аймақтарда ашылған/тіркелген, контрагенттердің банктік шотының деректемелері және/немесе заңды мекенжайы туралы ақпараты бар, кез-келген шарттарды/келісімшарттарды/келісімдерді төлеуге.