Несиеле талаптары

  • Қосымшаға сәйкес Алматыда тіркелген шағын және орта бизнес субъектілеріне
  • Ең жоғары сома 180 000 000 теңгеге дейін
  • Пайыздық мөлшерлеме жылдық 7 % артық емес
  • Несиенің мақсаты инвестициялар немесе айналым қаражаттарын толтыру
  • Несиелеу мерзімі 7 жылға дейін

Бағдарламаға кім қатыса алмайды?

  • Мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері
  • Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі, міндетті зейнеткерлік төлемдер, міндетті кәсіби зейнеткерлік салымдар және бюджетке әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі бар мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері
  • Қару (с.қ. қару өндіру үшін құрамдастар), Құрамында есірткісі бар немесе мемлекеттің айналымынан алынған басқа мүлікті өндіру немесе жеткізумен айналысатын субъектілер
  • Ойын бизнесін ұйымдастырушы немесе дамытушы субъектілер
  • Лаңкестік немесе ҚР заңнамасымен тиым салынған кез келген қызметпен байланысты компаниялар
  • Моторлы тасымалдау көліктерін шығаруды қарастырушы жобалардан бөлек, акцизделген тауарларды немесе өнімдерді көтерме шығаратын және жүзеге асырумен айналысатын компаниялар
  • 50 % және одан көп акциясы мемлекетке, ұлттық басқарма холдингіне, ұлттық холдинкке, ұлттық компанияға (әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияны, сонымен қатар мемлекеттік жеке серіктестік туралы шарт аясында кәсіпкер мекемлелерден басқасы) тікелей немесе жанама тиесілі, ұлттық басқарма холдингі, ұлттық холдинг, ұлттық компания және ұйым құрылтайшысы немесе акционері болып табылатын заңды тұлғалар.
    Жанама байланыс дегеніміз басқа заңды тұлғаның (жарғылық капиталына үлестік қатынас) акцияның елу пайызынан артық әрбір келесі тұлғаға қатынасын білдіреді
  • Коммерциялық емес ұйымдар
  • Мемлекеттік кәсіпкерліктер, сонымен қатар шаруашылық жүргізу құқығына негізделгендер немесе қазыналық кәсіпкерлік
  • Қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыруға (жылыстату) және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы мақсаттарға немесе қаржылық ұйымдардың және акционерлік инвестициялық қорлардың қызметін реттеу мақсаттарына оффшорлық аймақтарда немесе жеңілдікті салық салу тізімдемемен ҚР заңнамасына сәйкес юрисдикцияда тіркелген заңды тұлғалар, сонымен қатар, оффшорлы аймақтарда тіркелген, немесе Оффшорлы аймақта тіркелген тұлғалардың тікелей немесе жанама бақылауындағы заңды тұлғалар
  • Банкпен ерекше қатынаспен байланысты және Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына сәйкес сондай деп танылатын субъектілер

Бағдарлама қандай мақсаттарды қаржыландырмайды?

  • Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу
  • Қарыз алушының жеке және (немесе) заңды тұлғалардан, соның ішінде қатысушылардан, акционерлерден, Қарыз алушының лауазымдық тұлғаларынан және қызметкерлерінен қаржы көмегін алуына байланысты пайда болған бұрын жұмсалған шығындарды, берешекті Қарыз алушының өтеуі
  • Тұтынушылық несиелеу
  • Құрылтайшыларға (сонымен қатар, қарыз алушының қатысушыларына, акционерлеріне) дивиденттер төлеу
  • Қарыз алушының шаруашылық қызметінің шығындарын өтеу
  • Сенім білдірілгенлдердің (агенттердің) қызметін төлеу
  • Қарыз алушының банктік қарызына байланысты комиссияларды, алымдарды және (немесе) өзге төлемдерді төлеу
  • Бағалы қағаздарды (портфельдік инвестицияларды) сатып алу;
  • Үлестес, байланысты компаниялардың немесе тұлғалардың негізгі қаражаттарын, активтерін, жұмыстарын және қызметтерін сатып алу
  • Қарыз алушының әрекет етуші қарыздарын немесе несиелерін қайта қаржыландыру
  • Моторлы тасымалдау көліктерінің шығаруын қарастырушы жобалардан бөлек, акцизделген тауарларды немесе өнімдерді шығаруға немесе көтерме жүзеге асыруға
  • Қару-жарақты, қару-жарақты өндіруге арналған бөлшектер, есірткісі бар заттарды немесе азаматтық айналымнан алынған басқа мүлікті өндіруді немесе жеткізуді қарастыратын Жобаларды іске асыруға
  • Ойын бизнесін дамытуға және ұйымдастыруға
  • Лаңкестік немесе ҚР тыйым салынған кез келген қызметпен байланысты қызметтерге қарасты жобаларға
  • Оффшорлық аймақтарда немесе оффшорлық аймақтарда банктік шоттары бар, немесе оффшорлық аймақтарда тіркелген тұлғалардың тікелей немесе жанама бақылауындағы немесе оффшорлы аймақтардың резиденттері болып табылатын контрагенттердің пайдасына шарттарды, келісімшарттарды немесе келісімдерді төлеуге
  • Кейіннен үшінші тұлғаларға, оның ішінде бірге қарыз алушыға рәсімделген, мүліктерді немесе активтерді алуға, сондай-ақ мемлекеттік меншіктегі жер теліміндегі құрылыс жағдайларынан басқа, үшінші тұлғаларға тиесілі жер теліміндегі құрылыс объектісін іске асыру
  • Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жалғандықтың немесе бүркемеліктің нақты белгілері бар мәмілелерді төлеуге
  • Айырбастау сомасына, Жобаның мақсатына сәйкес активтерді, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға тиісті келісімшарттың (шартты) бұндай күнге айырбастау болмаған кезде қарыз қаражатын ішінара немесе толықтай шетел валютайсына айырбастау
  • Бланктік несиелер

Бағдарлама аясында қаржыландыру алған Қарыз алушы «Даму» Қорының кепілдігін алу үшін «Бизнестің жол картасы 2025» бизенсті қолдаудың және дамытудің мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініш беруге құқылы.