Несиелеу талаптары

  • Дебиторлық берешекті беру арқылы қаржыландыру
  • Қарыз валютасы KZT
  • Қарыз сомасы 150 млн KZT дейін
  • Қарыз мерзімі 36 айға дейін
  • Қол жетімділік мерзімі 24 айға дейін
  • Қайта берілетін келісімшарт бойынша кейінге қалдырудың ең жоғарғы мерзімі – 120 (жүз жиырма) күнтізбелік күнге дейін, бірақ келісімшарт бойынша төлемді кейінге қалдыру мерзімінен аспайды
  • Дебиторлық берешек дисконтының ең жоғарғы мөлшері – дебиторлық берешек сомасынан 20 % аспайды
  • Сыйақының номиналды мөлшерлемесі айына 2,5 % аспайды (жылдық 30 %)
  • Саланың түрі бойынша шектеусіз

Кәсіпкерлерге арналған Бағдарламаға қатысудың шектеулері

Бағдарламаға қатысуға кәсіпкерлер жіберілмейді:

  • Жеке кәсіпкерліктің субъектілері еместер
  • Бюджеттің алдында салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша, міндетті зейнетақы жарналары бойынша және бюджетке әлеуметтік есептелімдер бойынша берешектері барлар (10 МРП аспайтын берешектер болады)
  • Екінші деңгейлі банктердің/лизингтік компаниялардың/микроқаржылық ұйымдардың/банктік операциялардың жеке түрлерін орындаушы басқа мекемелердің алдында мерзімі өткен қаржылық міндеттемелері барлар
  • Олар бойыша кері сипаттағы нақты ақпарат бар
  • Акцизделетін тауарларды шығаруды орындаушылар/қарастырушылар
  • Бартер шартымен өз өінімдерін таратушылар
  • Құрылтайшылары (оның ішінде қатысушылары, акционерлері) ұлттық басқару холдингтері, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар, олардың 50 және одан аса акциялары мемлекетке, ұлттық басқару холдингіне, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тура немесе жанама түрде тиесілі
  • Коммерциялық емес ұйымдар
  • Мемлекеттік сатылымдардың жосықсыз қатысушыларының тізіміне кіргізілген компаниялар
    «Байтерек» ҰБХ» АҚ және «Самрук-Казына» ҰӘҚ» АҚ

Мақсатты шектеулер

Бағдарлама бойынша қаржыландыруға тыйым салынады:

  • Бұрын келтірілген шығындарды өтеу, жеке және заңды тұлғалардың қаржылық көмегін өтеу, аффилирленген тұлғалардың алдындағы несие берешектерін өтеу мақсаттарына
  • Кейін үшінші тұлғаларға ресімделетін мүлікті/активтерді алу мақсаттарына, сондай-ақ үшінші тұлғаға ресімделген жер теліміндегі объектілердің құрылысына, мемлекеттік меншіктегі жер телімдерінен басқа
  • Оффшорлы аймақтарға қаражаттарды жұмсаған жағдайда
  • Жалған кәсіпорындарға немесе өтірік немесе жасанды, бүркеме мәмілелерді төлеуге
  • Қаруды, құрамында есірткі бар заттарды немесе азаматтық айналымнан алынып тасталған басқа мүлікті өндіруді немесе жеткізуді қарастыратын Жобаларды іске асыруға
  • Ойын бизнесін ұйымдастыруды/дамытуды қарастыратын Жобаларды іске асыруға
  • Лаңкестік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынатын, басқа іс-әрекетпен байланысты іс-әрекеттерді қарастыратын Жобаларды іске асыруға

Бұл қалай істейді?