Несиелеу талаптары

  • Қосымшаға сәйкес шағын және орта бизнес субъектілеріне
  • Ең жоғарғы сома 500 млн теңгеге дейін
  • Пайыздық мөлшерлеме жылдық 14 % артық емес
  • Қарыз мақсаты негізгілерді сатып алуға және айналым қаражаттарын толтыруға
  • Несиелеу мерзімі 7 жылға дейін

Бағдарламаға кім қатыса алмайды?

  • Мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері
  • Өтінім қабылдау күні 10 есе мөлшерде (АЕК) құраушы немесе асатын, салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі, міндетті зейнеткерлік төлемдер, міндетті кәсіби зейнеткерлік салымдар және бюджетке әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі бар компаниялар
  • Қару, сонымен қатар қару өндіру үшін құрамдастар, құрамында есірткісі бар немесе мемлекеттің айналымынан алынған басқа мүлікті өндіру немесе жеткізумен айналысатын компаниялар
  • Ойын бизнесін ұйымдастырушы немесе дамытушы компаниялар
  • Лаңкестік немесе ҚР заңнамасымен тиым салынған кез келген қызметпен байланысты компаниялар
  • Моторлы тасымалдау көліктерін шығаруды қарастырушы жобалардан бөлек, акцизделген тауарларды немесе өнімдерді көтерме шығаратын және жүзеге асырумен айналысатын компаниялар
  • 50 % және одан көп акциясы мемлекетке, ұлттық басқарма холдингіне, ұлттық холдинкке, ұлттық компанияға (әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияны, сонымен қатар мемлекеттік жеке серіктестік туралы шарт аясында кәсіпкер мекемлелерден басқасы) тікелей немесе жанама тиесілі, ұлттық басқарма холдингі, ұлттық холдинг, ұлттық компания және ұйым құрылтайшысы немесе акционері болып табылатын заңды тұлғалар. Жанама байланыс дегеніміз басқа заңды тұлғаның (жарғылық капиталына үлестік қатынас) акцияның елу пайызынан артық әрбір келесі тұлғаға қатынасын білдіреді
  • Коммерциялық емес ұйымдар
  • Мемлекеттік кәсіпкерліктер, сонымен қатар шаруашылық жүргізу құқығына негізделгендер немесе қазыналық кәсіпкерлік
  • Қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыруға (жылыстату) және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы мақсаттарға немесе қаржылық ұйымдардың және акционерлік инвестициялық қорлардың қызметін реттеу мақсаттарына оффшорлық аймақтарда немесе жеңілдікті салық салу тізімдемемен ҚР заңнамасына сәйкес юрисдикцияда тіркелген заңды тұлғалар, сонымен қатар, құрылтайшылары оффшорлы аймақтарда тіркелген, немесе Оффшорлы аймақта тіркелген тұлғалардың тікелей немесе жанама бақылауындағы заңды тұлғалар
  • Банкпен ерекше қатынаспен байланысты және Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына сәйкес сондай деп танылатын субъектілер

Бағдарлама қандай мақсаттарды қаржыландырмайды?

  • Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу
  • Қарыз алушының жеке және (немесе) заңды тұлғалардан, соның ішінде қатысушылардан, акционерлерден, Қарыз алушының лауазымдық тұлғаларынан және қызметкерлерінен қаржы көмегін алуына байланысты пайда болған бұрын жұмсалған шығындарды, берешекті Қарыз алушының өтеуі
  • Тұтынушылық несиелеу
  • Құрылтайшыларға (сонымен қатар, қарыз алушының қатысушыларына, акционерлеріне) дивиденттер төлеу
  • Қарыз алушының шаруашылық қызметінің шығындарын өтеу
  • Сенім білдірілгенлдердің (агенттердің) қызметін төлеу
  • Қарыз алушының қарызына байланысты комиссияларды, алымдарды және (немесе) өзге төлемдерді төлеу
  • Бағалы қағаздарды (портфельдік инвестицияларды) сатып алу
  • Үлестес, байланысты компаниялардың немесе тұлғалардың негізгі қаражаттарын, активтерін, жұмыстарын және қызметтерін сатып алу
  • Қарыз алушының әрекет етуші қарыздарын немесе несиелерін қайта қаржыландыру
  • Моторлы тасымалдау көліктерінің шығаруын қарастырушы жобалардан бөлек, акцизделген тауарларды немесе өнімдерді шығаруға немесе көтерме жүзеге асыруға
  • Қару-жарақты, қару-жарақты өндіруге арналған бөлшектер, есірткісі бар заттарды немесе азаматтық айналымнан алынған басқа мүлікті өндіруге немесе жеткізуге
  • Ойын бизнесін дамытуға және ұйымдастыруға
  • Лаңкестік немесе ҚР заңнамасымен тыйым салынған кез келген қызметті ұйымдастыруға
  • 10 ақпан 2010 жылғы №52 заңға сәйкс, оффшорлы аймақтарда ашылған немесе тіркелген, контрагенттердің заңды мекенжайы немесе деректемелері туралы ақпараттары бар кез келген шарттарды, келісімшарттарды, келісімдерді төлеуге
  • Үшінші тұдғаға, сонымен қатар қосалқы қарыз алушыға нәтижесінде рәсімделген мүлікті немесе активтерді сатып алу, сонымен қатар мемлекеттің иелігінде тұрған жер теліміндегі құрылыстан басқа, үшінші тұлғаға тиесілі жер телімінде нысанның құрылысын жүзеге асыру
  • Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жалғандықтың немесе бүркемеліктің нақты белгілері бар мәмілелерді төлеуге
  • Айырбастау сомасына, Жобаның мақсатына сәйкес активтерді, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға тиісті келісімшарттың (шартты) бұндай күнге айырбастау болмаған кезде қарыз қаражатын ішінара немесе толықтай шетел валютайсына айырбастау
  • Бланктік несиелер