Кредиттеу талаптары

  • Қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібі саласындағы шағын және орта кәсіпкерлік үшін
  • Ең жоғары сома 1 млрд 850 млн теңге
  • Пайыздық мөлшерлеме жылдық 6% артық емес
  • Қарыздың мақсаты –негізгі қаражаттарды алуға, инвестицияларды қайта қаржыландыруға немесе айналым қаражаттарын толтыру
  • Кредиттеу мерзімі 10 жылға дейін

Бағдарламаға қандай салалар қатыса алады?

  • Жаңа негізгі құралдарды алу, оларды құру және модернизациялау
  • Кәсіпкерлерді қаржылай қолдау бағдарламасына қатыспайтындарға қолданыстағы инвестициялық қарыздарды қайта қаржыландыру
  • Экспорт алды немесе экспорт қаржыландыру немесе экспортқа бағытталған жобаларды қаржыландыру, айналым қаражаттарын толтыруға қаржыландыруы мүмкін

Бағдарламаға кімдер қатыса алмайды?

  • Емдік дәрілер ретінде ҚР заңнамасына сәйкес тіркелген медициналық қажеттілігі бар спирттен тұратын өнімдерді шығаратын жобалардан басқа акцизделген тауарларды шығаратын шағын және орта бизнес субъектілері (бальзамдардан басқа)
  • Акциясының 50% және одан көбі мемлекеттік кәсіпорындарға немесе мекемелерге, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға тиесілі заң. тұлғалар
  • Коммерциялық емес ұйымдар
  • 10 ақпан 2010 жылғы №52 бұйрыққа сәйкес оффшорлы аймақтарда тіркелген заң.тұлғалар, сондай-ақ құрылтайшылары оффшорлы аймақтарда тіркелген құрылтайшылар (оның ішінде қатысушылар, акционерлер)
  • Кем дегенде 6 ай бұрын тіркелген заң.тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлер, істеп тұрған заңды тұлғалардың қайта құру жағдайларын қоспағанда, осы ретте бұл жағдай ақырғы қарыз алушының қарыз сомасы 20 млн теңгеден аспаған жағдайда қатысты болмайды
  • Кредит бюросының мәліметтеріне сәйкес қарыз алу немесе кредит өтінішін берген күнге 90 күннен аса мерзімі кешіктірілген берешегі бар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері, қарыздың мақсаты – қайта қаржыландыру болған жағдайды қоспағанда

Бағдарлама қандай мақсаттарды қаржыландымайды?

  • Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу
  • Қарыз алушының бұрыңғы шығындарын өтеу, жеке және заңды тұлғалардан қаржылай көмек алуға байланысты берешектерді өтеу, сондай-ақ қарыз алушының қатысушылары, акционерлері, лауазымды тұлғалары және жұмысшылары
  • Бірлескен, байланысқан компаниялар мен тұлғалардан негізгі қаражаттарды, активтерді, жұмыстарды және қызметтерді алу
  • Тұтынушылық кредиттеу
  • Құрылтайшыларға дивидендтер төлеу, оның ішінде қарыз алушының акционерлеріне, қатысушыларына
  • Сенім білдірілгендерге қызметтерін төлеу
  • Қарыз алушының қарызымен байланысты комиссияларды, жинақтарды немесе басқа да төлемдерді төлеу
  • Құнды қағаздарды сатып алу (портфелді инвестициялар)