Кредиттеу талаптары

  • Өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін, сондай-ақ Қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібіне қызмет көрсетуге қатысты шағын және орта бизнес субъектілеріне арналған Қосымшаға сәйкес
  • Ең жоғары сома 1 млрд 850 млн теңге
  • Пайыздық мөлшерлеме жылдық 6% артық емес
  • Қарыздың мақсаты –айналым қаражттарын толтыру
  • Кредиттеу мерзімі 10 жылға дейін

Бағдарламаға кім қатыса алмайды?

  • Емдік дәрілер ретінде тіркелген медициналық қажеттілігі бар спирттен тұратын өнімдерді шығаратын жобалардан басқа акцизделген тауарларды шығаратын шағын және орта бизнес (бальзамдардан басқа)
  • Акциясының 50% және одан көбі мемлекеттік кәсіпорындарға, ұлттық басқарушы холдингтерге немесе ұлттық компанияларға тиесілі заң. тұлғалар
  • Коммерциялық емес ұйымдар
  • 10 ақпан 2010 жылғы №52 бұйрықпен қарастырылған оффшорлы аймақтарда тіркелген заңды тұлғалар, сондай-ақ құрылтайшылары оффшорлы аймақтарда тіркелген заңды тұлғалар (соның ішінде қатысушылар мен акционерлер)
  • Тіркелген күннен бастап кем дегенде 6 ай жұмыс істейтін заңды тұлғалар. Істеп тұоған заңды тұлғалардың қайта құру жағдайларын қоспағанда. Бұл жағдай ақырғы қарыз алушының қарыз сомасы 60 000 000 теңгеден аспаған жағдайда қатысты болмайды
  • Кредит бюросының мәліметтеріне сәйкес қарыз алу немесе кредит өтінішін берген күнге 90 күннен аса мерзімі кешіктірілген берешегі бар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері

Бағдарлама қандай мақсаттарды қаржыландымайды?

  • Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу
  • Қарыз алушының бұрыңғы шығындарын өтеу, жеке және заңды тұлғалардан қаржылай көмек алуға байланысты берешектерді өтеу, сондай-ақ қарыз алушының қатысушылары, акционерлері, лауазымды тұлғалары және жұмысшылары
  • Бірлескен компаниялар мен байланысқан тұлғалардан негізгі қаражаттарды, активтерді, жұмыстарды және қызметтерді алу
  • Тұтынушылық кредиттеу
  • Құрылтайшыларға дивидендтер төлеу (оның ішінде қарыз алушының қатысушыларына, акционерлеріне)
  • Сенім білдірілген (агенттерге) төлеу
  • Қарыз алушының қарызымен байланысты комиссияларды, жинақтарды немесе басқа да төлемдерді төлеу
  • Құнды қағаздарды сатып алу