Кредиттеу талаптары

  • Қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібі саласында жобаларды іске асыратын шағын және орта бизнес субъектілеріне арналған
  • Ең жоғары сома 1 млрд 850 млн теңге
  • Пайыздық мөлшерлеме жылдық 6% артық емес
  • Қарыздың мақсаты – инвестициялар, айналым қаражттарын толтыру, қайта қаржыландыру
  • Кредиттеу мерзімі 10 жылға дейін

Бағдарламаға қандай салалар қатыса алады?

  • Инвестициялар
  • Айналым қаражттарын толтыру
  • Кәсіпкерлерді қаржылай қолдау бағдарламасына қатыспайтындарға бұрын берілген қарыздарды қайта қаржыландыру

Бағдарламаға кімдер қатыса алмайды?

  • Медициналық қажеттілігі бар спирттен тұратын өнімдерді шығаратын жобалардан басқа акцизделген тауарларды шығаратын шағын және орта бизнес субъектілері (бальзамдардан басқа)
  • Акциясының 50% және одан көбі мемлекеттік кәсіпорындарға немесе мекемелерге, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға тиесілі заң. тұлғалар
  • Коммерциялық емес ұйымдар
  • 10 ақпан 2010 жылғы №52 бұйрыққа сәйкес оффшорлы аймақтарда тіркелген заң.тұлғалар, сондай-ақ құрылтайшылары оффшорлы аймақтарда тіркелген құрылтайшылар
  • Кем дегенде 6 ай бұрын тіркелген заң.тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлер, істеп тұрған заңды тұлғалардың қайта құру жағдайларын қоспағанда, осы ретте бұл жағдай ақырғы қарыз алушының қарыз сомасы 60 млн теңгеден аспаған жағдайда қатысты болмайды
  • Кредит бюросының мәліметтеріне сәйкес қарыз алу немесе кредит өтінішін берген күнге 90 күннен аса мерзімі кешіктірілген берешегі бар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері, қарыздың мақсаты – қайта қаржыландыру болған жағдайды қоспағанда

Бағдарлама қандай мақсаттарды қаржыландымайды?

  • Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу
  • Қарыз алушының бұрыңғы шығындарын өтеу, жеке және заңды тұлғалардан қаржылай көмек алуға байланысты берешектерді өтеу, сондай-ақ қарыз алушының қатысушылары, акционерлері, лауазымды тұлғалары және жұмысшылары
  • Бірлескен, байланысқан компаниялар мен тұлғалардан негізгі қаражаттарды, активтерді, жұмыстарды және қызметтерді алу
  • Тұтынушылық кредиттеу
  • Құрылтайшыларға дивидендтер төлеу
  • Сенім білдірілген агенттерге төлеу
  • Қарыз алушының қарызымен байланысты комиссияларды, жинақтарды немесе басқа да төлемдерді төлеу
  • Құнды қағаздарды сатып алу