«Альфа-Банк» ЕБ АҚ клиенттері үшін
ЖК – пайдаланушының жеке компьютері
8. «TУМАР-CSP» ақпаратының криптографиялық қорғау құралы (АКҚҚ) – CryptoAPI интерфейсі қызметтерінің көмегімен басқарылатын Microsoft операциялық жүйелерінде криптографиялық операцияларды орындау үшін тағайындалған бағдарламалық құрал.
Сыртқы таратушы – кілтті ақпаратты сақтауға арналған сыртқы құрылғы
Профайл – нақты атаумен сақталған және кілтті ақпаратты жүктеген және құрған кезде пайдаланылатын, «TУМАР-CSP» АКҚҚ күйге келтіру жиынтығы
ИБК - Интернет-Банк жүйесі
«TУМАР-CSP» ақпаратының криптографиялық қорғау құралы (АКҚҚ)
8 немесе одан жоғары нұсқадағы Internet Explorer браузері, Mozilla Firefox, Google Chrome
Сыртқы таратуды пайдалану кезінде құрылғының қолданатын түріне арналған драйвердің болуы талап етіледі
MozillaFirefox немесе GoogleChrome браузерінде жұмыс істеу үшін «IE Tab» кеңейтуді орнату қажет және браузерді қайта жүктеп, олан кейін браузердің күйлерінде сайттарды жазу қажет: https://ibank.alfabank.kz/* және http://alfabank.kz/*, сондай-ақ «IE CompatibilityMode» бөлімінде «IE 9 StandardsMode» мағынасын таңдау керек.
Орнату үшін файл TumarCSP.exe іске қосыңыз және орнату шеберінің нұсқауы бойынша жүріңіз.
«Тумар CSP» орнатқаннан кейін, аяқтау тетігіне басқан кезде жүйе қайта жүктеуді сұрайды (бұл қажет).
Компьютерге «eToken» сыртқы таратушыны кіргізіңіз және «TУМАР-CSP» бағдарламалық қамсыздандырудың конфигураторын ашыңыз (Іске қосу-Барлық бағдарламалар - GammaTech – Tumar CSP v.6 – TumarCSP Конфигуратор). Тышқанның сол жақтағы тетігін «JavaToken» профайлына басыңыз, онда «AladdinToken JC 0»- нен «SafeNetToken JC 0» -ға «Сақтау құрылғысының параметрін» өзгерту қажет, одан кейін парольді енгізіп, расталымға осы парольді қайталау қажет. «e-Token» сыртқы таратушының паролін Сізге менеджер беруі тиіс, одан кейін «сақтау» басып және кілттердің тізімінде ГОСТ және RSA алгоритмі бар сертификаттар анықталуы тиіс.
CAPICOM жүктеу қажет
ОС Windows 7, 8, 8.1, 10 үшін CAPICOM_W7 папкасын ашамыз да, кезегімен «CAPICOM_DC_SDK» және «CAPICOM-KB931906-v2102» екі файлын орнатамыз, орнату шеберінің нұсқауларын орындаңыз.
«Next» басамыз.
Әрі қарай «I accept the in the License Agreement» келісімінің талаптарын қабылдаймыз және «Next» басамыз.
Қайтадан «Next» басамыз
«Install» басамыз
Орнатуды аяқтап жатып «Finish» басамыз.
Тура солай екінші файлды жасаймыз «CAPICOM-KB931906-v2102».
«Интернет-Банк» жүйесіне бірінші рет кіру үшін менеджер Сізге Компания, Пайдаланушы және Пароль көрсетілген, кіру үшін деректерді береді. Деректерді тиісті жолға енгізу қажет және “Войти” тетігін басу керек. Содан кейін “Войти” тетігінің оң жағындағы кілттің белгішесі бойынша шерту қажет.
Жүйеге бірінші рет кіру кезінде «Интернет-Банк» парольді ауыстыруды сұрайды:
Бірінші жолда бұрын енгізілген парольді жазыңыз. Екінші жолда 15 белгіден аспайтын және 8 кем емес жаңа парольді енгізу қажет, парольде әріптер мен сандар қолднанылуы тиіс. Үшінші жолда жаңа парольді қайта қайталау қажет. Барлық жолдарды толтырғаннан кейін “Сохранить” басыңыз.