Мүмкіндіктер

Альфа-Банк ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де операцияларды жүргізеді, оларға жататындар:

  • теңгемен және шетел валютасымен қолма-қол ақша беру*
  • теңгемен және шетел валютасымен қолма-қол ақша алу*
  • инкассация қызметтері
  • металл (ұсақ) тиындарды қоса, қолма-қол ақшаны жеткізу
  • Ірі құнды ұлттық/шетел валютасындағы банкноталарды және тиындарды майдасына айырбастау, және керісінше, Банктің техникалық құралдарының көмегімен шетел валютасының дұрыстығын тексеру бойынша
  • ескірген және зақымдалған шетел валютасы банкноталарын айырбастау
  • валютаның түпнұсқалығын анықтауда детекторды қолдану арқылы банкноталарды тексеру
*Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес

Қолма-қол ақшаны кассадан қалай алу керек

Кассадан қолма-қол ақшаны сіздің филиалыңыздың кез-келген "Альфа-Банк" ЕБ АҚ бөлімшесінен алуға болады

Бұл орайда сізге қолма-қол ақшаны алудың мақсатын көрсетіп, оларды алуға алдын-ала өтінімді рәсімдеу қажет:

  • егер сома 2 млн KZT асса, алдыңғы жұмыс күнінің 16:30 дейін
  • егер сома 2 млн KZT төмен болса, алдын-ала өтінімді ресімдеу міндетті емес

2 млн KZT асатын соманы алдын-ала өтінімсіз (өтініш жасаған күні) қолма-қол ақшаны беру Банктің келісімі бойынша орындалады. Бұл ретте комиссия аса жоғарғы тариф бойынша алынады. Қолма-қол ақша алуға өтінімді интернет-банк арқылы жіберуге болады.