Қаржылық қолдау түрлері

  • Аймақтар мен жеке салаларға арналған мақсатты бағдарламалар аясында екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдетілген несие
  • Субсидиялау – бизнесті дамытуға банк берген несие бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету
  • Кепілдендіру – банктердің несиесі бойынша кепіл ретінде ішінара кепілдікті ұсыну
  • Гранттық қаржыландыру

Қаржылық емес қолдаудың түрлері

  • Тегін білім беру бағдарламалары мен жобалар: «ШОБ топ-менеджментін оқыту», «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау», «StartUpБолашақ», «Жаңа бизнесті ашуды қолдау» және т.б.
  • Бизнестің бейінді бағыттары бойынша тегін семинарлар мен шеберлік сағаттары
  • Бизнесті жүргізудің және ШОБ қолдаудың мембағдарламаларының маңызды бағыттары бойынша тегін консалтинг пен сервистік қолдау

Бизнесті дамытуға субсидияны қалай алуға болады?

Субсидия берудің жалпы талаптары:

  • Несиенің сомасы - 2,5 млрд KZT дейін
  • Несиені субсидиялау мерзімі – 5 жылға дейін
  • Субсидиялау мөлшері: - өнеркәсіпті өңдеуші басты салалардағы жобалар және моноқалаларда, шағын қалаларда және ауылдық елді мекендердегі жобалар үшін сыйақының ақырғы номиналды мөлшерлемесінің* көлемінен 50 %; - экономиканың басты секторларындағы жобалар үшін сыйақының ақырғы номиналды мөлшерлемесінің* көлемінен 40 %; - ұлттық және шетел валютасымен қолданыстағы несиелер бойынша сыйақының ақырғы номиналды мөлшерлемесінің* көлемінен 30 %.

* Сыйақының ақырғы номиналды мөлшерлемесі – «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдаудың және дамытудың Бірыңғай бағдарламасы аясында субсидиялауға жататын несие бойынша сыйақының номиналды мөлшерлемесінің ақырғы көлемі.

Несие қандай мақсаттарда қарастырылуы тиіс?

  • Жаңа инвестициялық жобаларды орындауға
  • Айналымдағы қаражаттарды толықтыруға, бірақ несие сомасынан 30 % аспайды
  • Негізгі қаражаттарды алуға және/немесе жаңашылдандыруға және/немесе өндірісті кеңейтуге

Субсидиялауды Сіз келесі бағдарламалар бойынша ала аласыз, онда Банк қатысады:

Толығырақ https://www.damu.kz/12137/

Кепіл жеткіліксіз болғанда несиені қалай алуға болады?

Кепілдіктер алудың жалпы талаптары:

Бизнестің өрісі

  • Шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілері
  • «ДКБ-2020» Бірыңғай бағдарламасының артық салалары немесе ГПИИР аясында өндіруші кәсіпорындардың артық салалары
  • Жаңа бастаушы кәсіпкерлерге арналған салалық шектеусіз
  • Ауылдық елді мекендердегі, моноқалалардағы және шағын қалалардағы кәсіпкерлерге арналған салалық шектеусіз

Жаңа бастаған кәсіпкер үшін:

  • кепілдіктің мөлшері несие сомасынан 85% аспауы керек;
  • берілетін кепілдіктің мерзімі несие мерзімінен аспайды.

Әрекет етуші кәсіпкер үшін:

  • кепілдіктің мөлшері несие сомасынан 50% аспауы керек;
  • берілетін кепілдіктің мерзімі несие мерзімінен аспайды.

Толығырақ https://www.damu.kz/12138/

Жеңілдікті несиелік бағдарламалар

«Даму» Қорының байланыстары

Call Center:

+7 (727) 244-55-66 (77) көп арналы
1408 – ұялы телефоннан қоңырау үшін (тегін)
Факс: +7 (727) 278-07-76

Мекенжайы:

050004, Алматы қ., Гоголь көш., 111,
Наурызбай батыр көш.қиылысы

E-mail:

Толығырақ ақпарат: