Артықшылықтар

Төлемдерді қорғау VISA-дан 3D-Secure және Master Card-тан Secure Code

Тапсырыстың әр түрлі параметрлері бойынша төлемдерді мониторингтеу

Интернет желісінде көбірек жаңа клиенттер

Өтінімдерді қараудың және қосылудың ең төменгі мерзімдері

Интернет-дүкендерге тәулік бойы техникалық қолдау

Интернет-эквайринг қалай істейді?

Компьютерден алыстамай және басқа сайттарда артық тіркелмей, келуші:

  • интернеттегі сайтқа кіреді
  • төлегісі келетін тауарды/қызметті таңдайды
  • «картамен төлеу» тетігін басады
  • пластикалық карта деректеріне кіреді: аты, карта нөмірі
  • төлемді «төлеу» тетігімен растайды (картадан алу онлайн болады)
  • кәсіпорын ағымдағы шотқа ақша алады

Интернет-эквайрингті қалай қосуға болады?

  • 1. Нұсқа
  • 2. Нұсқа
  • «Альфа-Банк» ЕБ АҚ сайттарда және ұялы қосымшаларда төлемдерді қабылдау үшін, сіздің бизнесіңізде біздің серіктес, CloudPayments компаниясының сервисін пайдалануға кеңес береді.
  • CloudPayments интеграцияны бастау үшін сауалнаманың электронды нұсқасына, бұқаралық шарт-офертаның қосымшасына қол қою жеткілікті.
  • Қосымша кеңес алу үшін сіз «Альфа-Банк» ЕБ АҚ өзіңіздің менеджеріңізге, не тікелей CloudPayments тікелей жүгіне аласыз:
    +7 (727) 346 80 01, sales@cloudpayments.kz.

Сіздің ақшаңыз сенімді қорғалған

Альфа-Банк — банктік қызметтер нарығындағы әмбебап және сенімді банк, 3D-Secure: Verifiedby Visa және Master Card Secure Code технологиясын пайдалану арқылы сертификатталған халықаралық төлем жүйелерінің әлемдік қалыптары деңгейінде электронды төлемдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шешімді ұсынады.

Мобильді Check-Out

Төлем картасының деректерін енгізбей, ұялы қосымша арқылы тауарлар мен қызметтерді төлеу. Қызмет мейлінше қауіпсіз болып табылады, карточка деректерін енгізу және сақтау деректерді өңдеудің және беруді сақтаудың әлемдік қалыптары мен талаптарына сәйкес келетін, «Альфа-Банк» ЕБ АҚ қорғалған серверлерінде орындалады. Егер серіктестің PCI DSS сертификаты болса, онда карточкалық деректер серіктестің тарапында сақталады. Қызмет қалай істейді:

  • Сіз ұялы қосымшаны орнатасыз (мысалы, «Эко такси» қосымшасы).
  • Тіркеу кезінде немесе бірінші төлем кезінде өзіңіздің аккаунтыңызға банктік картаны қосасыз/сақтайсыз, содан кейін осы карта бойынша жүктелген қосымша арқылы тапсырыс берілген қызметтерді төлейсіз. Картаны қосу үшін оның нөмірі, қолданылу мерзімі, CVC2/CVV2-код енгізіледі, сәйкестендіру үрдісінен өтесіз (3D-Secure).
  • Сізге Өзіңіздің банкіңіздің (қосылған картаның банк-эмитенті) sms-хабарлау қызметі бойынша немесе қосымшасы арқылы тауарды немесе қызметті төлеу туралы хабарлама келеді.
  • Қызметтер немесе тауарды келесі рет төлеген кезде төлем картасының деректерін енгізу қажет емес. Сіздің картаңыз интернет-транзакцияларға ашық болуы тиіс.

Өтінімді толтырыңыз

Аты-жөні
Телефон
Эл.пошта
Интернет-ресурс
Бизнес түрі
Пішіннің барлық өрістерін дұрыс толтыру қажет.
Сіздің өтінім сәтті жіберілді.