28.11.13 Альфа-Банк «Қазақстан жыл таңдауы 2013» премиясының лауреаты болды.

28.11.13 Альфа-Банк «Қазақстан жыл таңдауы 2013» премиясының лауреаты болды.

25 қарашада Алматыда Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында «Қазақстанның жыл таңдауы» премиясымен марапаттаудың жыл сайынғы салтанаты болып өтті. «Альфа-Банк» ЕБ АҚ «№1 Жыл таңдауы» Бизнес Гран-При» номинациясында: «Жоғарғы ақпараттық қорғау Банкі – 2013» сыйлығын алды.

«Альфа-Банк» ЕБ АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары Михаил Троицкийдің айтуынша, осы жылы Альфа-Банк әлемге әйгілі BalaBit IT Security венгер компаниясымен бірге BalaBitShellControlBox алдыңғы қатарлы ақпараттық қорғау жүйесін банкке енгізу жобасын іске қосты. Ақпараттық қорғаудың бұл жүйесінің Қазақстанда басқа ұқсастығы жоқ және банкте заманауи және қауіпсіз технологиялық инфрақұрылымды құру, 2015 жылға дейін Альфа-Банкті дамыту Стратегиясын тарату аясында клиенттерге қызмет көрсетудің жылдамдығы мен сапасын өсіру мақсатында енгізілген.

«Біз «Қазақстанның жыл таңдауы» айтулы премиясын алуға қуаныштымыз. Альфа-Банк үшін бұл мойындау банктің сенімділігі мен тұрақтылығының тағы бір растамасы болып табылады. Біз клиенттер үшін жоғарғы технологиялық банк болуға талпынамыз, және біз үшін ақпараттық қорғау әрі қарай сәтті әрекет жасау үшін іргетасы қаланған дерек болып табылады», - деп атап өтті Троицкий мырза.

BalaBitShellControlBox жаңа жүйесі банктің ақпараттық қорғанысын және қауіпсіздігін елеулі түрде көтереді, технологиялық тәуекелдіктерді азайтады және клиенттерге қызмет көрсету сапасын және банктің іс-әрекетінің жеделдігін анағұрлым жақсартады.

BalaBit технологиясы АТ – мамандарының, аутсорс-әкімшілерінің немесе хостер компаниясы өкілдерінің пернетақтаны енгізуден бастап, конфигурациядағы өзгерістерді, орындалған файлдардың модификациясынан операциялардың хронологиялық тәртібін сақтай отырып жеке құжаттарды орналастырғанға дейін шығарылған әрбір өзгерістің бөлшектерін бекітуге мұрсат береді.

ТМД территориясында бұл өнім Skolkovo компаниясымен сәтті енгізілген. BalaBit IT Security компаниясының клиенттері әртүрлі UNIX-жүйесі үшін жасалған, syslog-ngOpenSourceEdition/PremiumEdition әйгілі қосымшасы бойынша Boeing, AirFranceSvenskaHandelsbanken және TelenorNorway болып табылады.

Жүйенің артықшылықтарына және бірегей мүмкіндіктеріне жататындар: орталықтандырылған аутентификация және қол жетімділікті бақылау, қызметкерлер мен серіктестердің іс-әрекеттерін жан-жақты мониторингілеу, жедел және айқын аудит, ІТ-қызметкердің операцияларын қатал бақылау, олқылықтарды және сот сараптамасын іздеуге және жоюға шығындарды қысқарту. Сондай-ақ реттегіштердің талаптарына үздік сәйкес ету (PCI-DSS, ISO2700x) және адами факторлармен байланысты тәуекелдіктерге қатысты қауіпсіздікті жетілдіру.

Технология сондай-ақ нақты уақыттағы бар нәрсені мониторингілеу, трафикті RDP, VNC және Telnet сеанстарында хабарлау және тежеу, парольдерді бақылаудың басқа жүйелерімен интеграциялау интерфейсін және SCB веб-интерфейсіне кіруге арналған сертификаттар негізінде қатал аутентификациялау мүмкіндігін береді.

28.11.13 «Альфа-Банк» ЕБ АҚ 2013 жылы Қазақстанның ең озық коммерциялық банкі болып танылды.

28.11.13 «Альфа-Банк» ЕБ АҚ 2013 жылы Қазақстанның ең озық коммерциялық банкі болып танылды.

GlobalBankingandFinanceReview халықаралық қаржы интернет-порталының нұсқасы бойынша «Альфа-Банк» ЕБ АҚ 80 атаудың бірін алды және «BestCommercialBankKazakhstan 2013» номинациясындағы сыйлыққа ие болды.

Қазақстандық Альфа-Банкке сыйлық беру туралы шешім GlobalBankingandFinanceReview қаржылық сарапшылардың экспертті комиссиясымен қабылданды. Жеңімпаздарды таңдау кезінде ауқымды және жергілікті нарықтардың өзгешеліктерін егжей-тегжейлі білуді қоса, қаржы институттарының мықты тараптарының кешенді бағалау жүйесі қолданылды. Нарықты сараптау кезінде банктің іс-әрекеттерінің тиімділігінің көрсеткіштері және ресми қордағы негіздегі менеджмент және қаржы институттарының қаржы есебі есепке алынды.

Эсперттік комиссия Альфа-Банк Қазақстанның банктік нарығында теңдестірілген тәуекелдік саясатын қолданатын, дамудың жоғарғы қарқыны бар банк болып табылатындығын ескеріп, қорытындыға келді. 2013 жылдың басынан бастап ссудалық портфелдің 17% белсенді өсуі кезінде банктегі мерзімі өткен берешектің мөлшері 3% кемді құрайды, ол нарықтағы озық көрсеткіштердің бірі болып табылады.

Зерттеуде активтер мен капиталдың тиімділігі ескерілді, осы индикаторлар бойынша Альфа-Банк Қазақстанның әмбебап банктерінің арасындағы көшбасшысы болып табылады (ROA 2,4% және ROE 17%). Альфа-Банктің активтері 2013 жылдың басынан бастап 20% өсті, соған ұқсас мерзімде банктің табысы 73% өсті. Бұл банкте активтерді басқарудың сапасы жеткілікті жоғарғы деңгейде екендігін көрсетеді.

Сондай-ақ, дара және тұтынушылық несиелеудің, шағын бизнеске арналған микронесиелеудің өсу қарқыны, қаржы лизингі мен факторингтің дамуы, сондай-ақ банктік технологиялық және offline инфрақұрылымның кешендік дамуы назарға алынды.

GlobalBanking&FinanceReviewAwards сыйлығы 2011 жылдан бастап жыл сайын әйгілі британдық GlobalBanking&FinanceReview онлайн-порталымен беріледі, ол әлемнің 200 елінен жылына 1 миллионнан аса бірегей келушілерді есептейді.

GlobalBanking&FinanceReview арнайы Интернет-басылымы қаржы саласындағы алдыңғы қатарлы ұйымдарды ерекшелеп көрсетеді, ол жаңа стратегияның негізіндегі өңделімдермен, іс-әрекеттердің жоғарғы көрсеткіштерімен, сондай-ақ жетістіктермен және инновациялармен ерекшеленді. Көшбасшыларды анықтауды экспертті комиссия коммерциялық негізде орындамайды. Конкурсқа әлемнің әр түрлі елдерінен кез-келген көлемдегі қаржы институттары қатысады. Порталдың мақсаты бүкіл әлем бойынша қаржы саласындағы әділ және объективті ақпаратты беру болып табылады.

GlobalBanking&FinanceReviewAwards 2013 жылғы сыйлығының барлық нәтижелері басылымның сайтында жарияланған:

http://www.globalbankingandfinance.com/global-banking-finance-review-awards-2013/

http://www.globalbankingandfinance.com/jsc-sb-alfa-bank-best-commercial-bank-in-kazakhstan-in-2013/