05.01.22

Құрметті клиенттер,

Қазіргі таңда еліміздегі барлық банк бөлімшелері уақытша жұмыс істемейді. Біздің цифрлық сервистер: жеке тұлғаларға арналған «Альфа-Банк Қазақстан» мобильді қосымшасы, заңды тұлғаларға арналған «Альфа-Бизнес Қазақстан» мобильді қосымшасы, сондай-ақ Интернет-банкинг жұмыс істейді.

Сонымен қатар, төлем мерзімі 2022 жылдың 5-нен 19 қаңтар аралығындағы тұтынушылық несиелер мен Alfa Black бөліп төлеу картасы бойынша ай сайынғы төлемдердің мерзімдік төлемін кешіктірген жағдайда айыппұл мен өсімпұл алынбайды. Бұл шарт ай сайынғы төлемді төлеу міндетінен босатпайды. Қарызыңызды мүмкіндігінше уақытылы төлеуді өтінеміз.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Бізбен бірге болғандарыңызға рахмет!

Сіздің Альфа-Банкіңіз