08.01.22

Ұлттық Банктің шешімі бойынша банк клиенттері мен қаржы ұйымдары қызметкерлерін қорғау мақсатында Альфа-Банктың барлық бөлімшелерінің жұмысы тоқтатылды.

Жеке тұлғаларға, кәсіпкерлерге арналған мобильді қосымшалар, сондай-ақ интернет-банкинг кейбір интернет-байланыстарында ғана қолжетімді. Сонымен қатар, санаулы банкоматтар жұмыс істеуде. Банк қызметкерлері мемлекеттік ұйымдармен цифрлық қызметтерді толық жандандыру мақсатында еңбек етуде.

Төлем мерзімі 2022 жылдың 5-нен 19 қаңтар аралығына түсетін тұтынушылық және жеке кәсіпке арналған несиелерге, Alfa Black бөліп төлеу картасы бойынша төлемдерге айыппұл мен өсімпұл алынбайды.

Банк клиенттердің салығы қауіпсіздікте екенін хабарлайды. Альфа-Банк сенімділігін халықаралық рейтингтер растайды.

Альфа-Банк Қазақстан штап-пәтері Люксембург қаласында орналасқан халықаралық жеке ABH Holdings S.A. холдинг компаниясының құрамына енеді.

Альфа-Банк Қазақстан елімізде 27 жылдан аса жұмыс істеп, Fitch Ratings («BB-/В» болжам «Тұрақты») және Standаrd Poor’s («BB/B» болжам «Тұрақты») сияқты халықаралық абыройлы рейтингтерге ие.