09.01.22

«Альфа-Банк Қазақстан қызмет бабымен қайтыс болған адамдардың отбасыларына несиелерін сызып тастайды», — деді Қазақстандағы Альфа-Банк бас басқарушы директоры Андрей Тимченко. Сонымен қатар, банк ай сайынғы төлемі 5 мен 19 қаңтар аралығына түсетін жеке тұлғалар, ЖК, заңды тұлғалар мен Alfa Black картасы бойынша несиелерге айыппұлдар мен өсімпұлдар салмайтынын хабарлаған.

Айта кету керек, қазіргі таңда жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға арналған мобильді қосымшалар, интернет-банкинг және банкоматтар бөлігі жұмыс істейді. Картамен төлем қабылданады. Банк қызметкерлері өкімет органдарымен цифрлық каналдарды толығымен іске қосу мақсатында еңбек етуде.

№ 1.2.61/237 лицензия. 03.02.2020ж. РҚНРДА берген