Картаны Google Pay-ге қалай қосуға боладыне приходя в отделение

1
Егер қолданба орнатылмағанболса, оны Google Play Store-дан жүктеп алыңыз
2
Альфа-Банк картасынGoogle Pay қызметіне қосып, карта мәліметтерін енгізіңіз
3
Пайдаланушылық келісімніңшарттарын қабылдап, SMS-тен растау кодын енгізіңіз
Google Pay – бұл Android™ операциялық жүйесі бар смартфондарға арналған ыңғайлы әрі заманауи төлем қызметі
Байланыссыз төлем технологиясы (NFC) бар кез келген смартфон
Android 5.0 және одан да жоғары нұсқадағы операциялық жүйе
VISA төлем жүйесінің карталары үшін жарамды
Картаны Google Pay-ге қалай қосуға болады
Жылдам онлайн төлем
Google Pay арқылы қолданбаларда және сайттарда байланыстырылған VISA картасы бар Google есептік жазбасы арқылы оңай төлеуге болады
Google Pay арқылы қалай төлеуге болады
Google Pay арқылы төлеген кезде төлем жасау жылдамырақ болады, себебі әмияныңызды шығарудың қажеті жоқ {breakingLine}<span> </span>Google Pay арқылы төлеу осы белгішелердің бірі көрсетілген барлық жерде қабылданады:
Сізде әлі Альфа-Банк карточкасы жоқ па?
Альфа-Банктің кез келген картасын ашып, Google Pay қызметін қолдануды дәл қазір бастаңыз
Картаны таңдау

Танымал сұрақтар

Google Pay дегеніміз не?
Бұл байланыссыз төлем әдісі. NFC модулі бар кез келген Android құрылғысында (смартфон, планшет) қолдануға болады
Google Pay пайдалану қанша тұрады?
Google Pay пайдалану үшін ешқандай ақы қарастырылмаған
Google Pay-дегі төлемдер қауіпсіз бе?
Смартфонды дүкендерде төлем жасау үшін пайдаланған кезде картаңыздың нақты нөмірі пайдаланылмайды, оның орнына операция картаны қолданбаға қосқан кезде пайда болатын таңбалауыш (сандық мән) арқылы орындалады. Карта әртүрлі құрылғылардағы қолданбаға қосылған жағдайда, олардың сәйкесінше әртүрлі таңбалауыш нөмірлері болады. Осылайша сіздің картаңыздың деректері қауіпсіз күйде қалады. Деректердің қауіпсіздігіне Google сертификаты бар төлем жүйесі кепілдік береді
Google Pay-ге Альфа-Банктің қандай карталарын қосуға болады?
Альфа-Банктің кез келген VISA картасын қосуға болады
Бір карточканы бірнеше телефонға қосуға болады ма?
Иә, карточканы әртүрлі құрылғыларға қосуға болады, әрбір әмиян үшін карточканың жеке сандық көшірмесі жасалады
Смартфонда Google Pay арқылы қалай төлеуге болады?
Телефоныңызды бұғаттан шығарып, терминалға жақындатыңыз. Экранда көк құсбелгі пайда болса, қолданбаны ашудың қажеті жоқ. Кейбір терминалдар пластикалық картаның ПИН-кодын сұрауы мүмкін
Телефоныңызды жоғалтып алған жағдайда не істеу керек?
1-қадам. «Альфа-Банк Қазақстан» қолданбасы арқылы немесе 2051 нөміріне қоңырау шалу арқылы карталарыңызды бұғаттаңыз {breakingLine}2-қадам. «Құрылғыны табу» функциясын пайдаланыңыз ( <a> https://support.google.com/accounts/answer/3265955</a> ) Оның көмегімен телефонның қай жерде екенін анықтауға, оны бұғаттауға немесе ондағы барлық деректерді өшіруге болады. Есіңізде болсын, бұғаттан шығарылған смартфон арқылы кез келген адам дүкенде төлем жасай алады. Құрылғыңызды бұғаттасаңыз, Google Pay қызметін іске қосу мүмкін болмайды. Егер телефонмен байланыс орнату мүмкін болмаса, барлық төлем деректерін өшіруге болады {breakingLine} 3-қадам. Телефонды тапқан кезде, қолданбаға барлық қажетті ақпаратты қайта қосыңыз. Төлем жасау үшін виртуалды шот нөмірі пайдаланылатындықтан, тіпті телефон бұғаттан шығарылған болса да, сіздің карталарыңыздың мәліметтерін ешкім біле алмайды.
Интернет байланысы болмаған кезде Google Pay арқылы төлем жасай аламын ба?
Иә, интернет байланысы болмаған кезде төлем жүзеге асырылады