Картаны алу

1

Сайттағы өтінім

Өтінім беру үшін, сайттағы сауалнаманы толтырыңыз.
Тапсырыс беру

2

Банктің шешімі

Жақын арада сізге банк қызметкерлері қайта қоңырау шалады

3

Картаны жеткізу

Банк қызметкері картаны және құжаттарды сізге ыңғайлы уақытта жұмысыңызға немесе үйіңізге жеткізіп береді

Картаны толықтыру

Альфа-Банк, Касса 24 және
CyberPlat терминалдары арқылы
cash-in функциясымен
Альфа-Банк банкоматтары арқылы
Альфа-Банк бөлімшелерінде
В мобильном приложении «Альфа-Банк Казахстан»
alfaportal.kz арқылы картадан картаға (P2P)
онлайн аударымдар
«Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы

«Альфа-Чек» SMS-хабарлама қызметі

«Альфа-Чек» - бұл Сіздің картаңыз бойынша іске асқан операциялар туралы SMS-хабарлама түріндегі ақпарат. Қызметтің бағасы – айына 300 KZT. Комиссия сіздің төлем картаңыздың банк шотынан қызметке қосылған сәттен бастап, кейін ай сайын, қосылу мерзіміне сәйкес мерзімде алынып отырылады.

«Альфа-Чекті» қалай қосу керек:

2051 Call Сentre хабарласу
Мобильді Банк арқылы

Картаның қауіпсіздігі

Альфа-Банк Банктік карталары заңсыз қолданудан сенімді қорғалған. Өз картаңызды пайдаланған уақытта қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз, ал егер жоғалатын болса, немесе айлакерліктің құрбаны болдым деп қауіптенсеңіз, бірден Альфа-Банкке хабарласыңыз.

Интернет-транзакцияны қорғау

3D Secure технологиясы - MasterCard® SecureCode ™ және Verified by Visa әлемдік бағдарламаларының бөлігі болып табылатын, Интернет желісінде тауарлар мен қызметтерді төлеудің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бірегей жүйе.

3D Secure кодын қалай орнату керек:

Тұрақты құпиясөз:
2051 Call Сentre хабарласыңыз
Динамикалық құпиясөз: «Альфа-чек» қосылған қызметі болған жағдайда, сіз SMS-хабарлама түрінде бір реттік құпиясөзді автоматты түрде алатын боласыз.

Мульивалюталық карта бойынша ескертпе

Мультивалюталық карта бойынша операциялар қалай жүргізіледі?

Мультивалюталық карта бойынша барлық операциялар негізгі шот бойынша жүргізіледі. Қажетсіз айырбастаудан аулақ болу үшін, «Альфа-Банк Қазақстан» мобильді қосымшасында негізгі шотты қолайлы валютаға ауыстыру қажет.

Айырбастау қалай іске асады?

Мысалы, сіздің мультивалюталық картаңызда негізгі шот теңгемен көрсетілген. Сізге доллармен аударым түскен уақытта, сома банктің ағымдағы айырбас бағымымен автоматты түрде теңгеге айырбасталады. Негізгі шот доллар немесе евромен көрсетілген жағдайда, аударым теңгемен келсе, жағдай осындай қалыпта іске асады.

Картаның негізгі шотын басқа валютаға қалай аударуға болады?

Негізгі шоттың валютасын «Альфа-Банк Қазақстан» қосымшасында ауыстыруға болады. Сонымен қатар мұны 2051 нөмірі бойынша Call Center (ұялы телефоннан тегін) хабарласу немесе Альфа-Банктың кез-келген бөлімшесіне жүгіну арқылы жасауға болады.

«Альфа-Банк» ЕБ АҚ пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін cookie (сайтты пайдалану туралы деректері бар файлдар) қолданады.
Оларды өңдеу шарттары мен ұстанымдарымен мұнда танысуға болады.
Сіз өз браузеріңізді күйге келтіруде cookie сақтауға тыйым сала аласыз.